Қаңтар-маусым айларында 7,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” тілшісі.
“Бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішінен 11,8% – ға артық. Тұрғын үйді іске қосудың ең жоғары көрсеткіштері Алматы, Шымкент қалаларында, Ұлытау және Абай облыстарында байқалады”, – деді Әлібек Қуантыров.
Министр ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,2% – ға өскенін айтты.
“Саладағы өндірістің оң өсуі барлық өңірлерде тіркелді. Ең үлкен өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Павлодар облыстары көрсетті. Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында оң өсім байқалады”, – деп толықтырды Әлібек Қуантыров.
Бұған дейін министр осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% -.ды құрағанын айтқан болатын. Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8% – ға өсті.