Ұрыны ұстауға көмектескен жасөспірімдер марапатталды

Ұрыны ұстауға көмектескен жасөспірімдер марапатталды

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин батыл әрекеттері мен ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2 шілде күні кешке “102” пультіне ер адамның Қостанай шағын аудандарының
біріндегі дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан 35 мың теңге ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Күдікті дүкеннен шыққан бойда сатушы айқайлай бастады. Дүкеннің жанында төрт жасөспірім болды. Олар көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп, күдіктінің соңынан жүгірді.

Осы уақытта сатушы полиция шақырды. Сегізінші сыныптың екі оқушысы мен алтыншы сыныптың екі оқушысы қашып бара жатқан адамды ұялы телефонына түсіріп алып, оның пышақ лақтырғанын көрді. Кейіннен жасөспірімдердің айғақтары заттай дәлел табуға көмектесті.

– Біз қарақшы жүгірген жағында полицияның учаскелік пункті бар екенін білдік. Сондықтан да көмек жақын арада келетініне сенімді болдық, – деді күдіктінің артынан қуғандардың бірі.

Осылайша, күдіктіні ұстаған учаскелік полиция инспекторы Сәбит Әбішев пен учаскелік полиция көмекшісі Ренат Изабеков шақыруға дереу келді. Ұрланған ақшасы тәркіленіп, көп ұзамай қылмыс құралы да табылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин мұндай іс-әрекеттің ұлдарына патриотизм мен біреудің бақытсыздығына бей-жай қарамау сезімін ұялатқан ата-аналардың жақсы тәрбие бергенін атап өтті.

 

Жаңалықтармен бөлісу