Арқалықтықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Арқалықтықтар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Ұлы Жеңістің 81 жылдық мерекесінде қала тұрғындары орталық саябақтағы Даңқ аллеясында ерлікке тағзым етіп, соғыс құрбандары бір минөттік үнсіздікпен еске алынды.

Мәңгілік алау басына гүл шоқтарын қойған қаланың мекеме — ұжымдарын қала әкімі Әмірхан Асанов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров бастап, ерлікке бас иіп, ескерткішке гүл дестелерін қойды.

blank

Жеңістің ел үшін құны өлшеусіз. Аға буынның жанқияр ерлігі ел жадында мәңгі сақталады. Майдандағы ерлерге елде қалған тыл еңбеккерлерінің де көмегі орасан зор болды. Олар уақытпен санаспай жастайынан ауыр еңбекке араласып, үздіксіз жұмыс атқарды.

blank

Бүгінде қалада отыз шақты тыл еңбеккері мен үш соғыс ардагерінің жұбайлары бар. Ол кісілерге мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық көрсетіліп, тиісті жәрдемдер көрсетіліп отырады.

blank

Отты жылдар қанша ауыр болса да халықтың бір — біріне деген қайырымдылығының, татулығының арқасында аңсап күткен ұлы жеңіске қол жетті.

blank

Ескерткішке гүл қою рәсіміндн қала мекемелері мен ұжымдары лек-легімен келіп, келешек ұрпағына бейбіт күн сыйлаған батырлардың рухына .

Сандуғаш Алматова,

Арқалық қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы:

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне тағзым ету – елімізде жылда атқарылып жүрген ірі іс-шаралардың бірі. Қаланың барлық оқу орындары, мекеме – кәсіпорындары бір кісідей жиналып, аталар ерлігіне тағзым ету мақсатымен алау басына келді. Қала тұрғындары мен қонақтары, барша жұртшылық бала-шағаларымен келіп гүл шоқтарын қойғанының куәсі болдық.

blank

Аталардың жасап кеткен дара жолын біз бүгінгі күні әдемі тәртібімізбен, жақсы тазалығымызбен, жүйелі жұмыстарымызбен жалғастыра берейік. Бабалар рухы жас ұрпақты қашанда қолдап жүрсін. Тәуелсіз еліміздің көк туы мәңгі желбіресін».

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ