Арқалықтың театр маусымы «Міржақыппен» ашылды

Арқалықтың театр маусымы «Міржақыппен» ашылды

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры ХХV –ші театр маусымын көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы, ұлт руханиятының шамшырағы М. Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған С.Пірмановтың «Міржақып» тарихи композициясымен ашты.

Маусымның ашылуын қалың көрермендермен қатар мәдениет, білім салаларының қызметкерлері мен студент — жастар тамашалап, сахнагерлерді зор қошеметке бөледі.

Қойылым соңында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов театр ұжымына жылы лебізін білдіріп, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

blank blank Еске сала кетсек, театр осыдан ширек ғасыр бұрын сол кездегі қала әкімі Жомарт Түбекбаевтың шешімімен ашылған болатын. Осы уақыт ішінде ұжым 100-ге жуық қойылымды көрермен назарына тарту етті.

blank blank blank Жаңа маусымның ашылуында театр басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы да сөз алып, көрермендерді әркез ұлы өнерді қолдауға шақырды. Сондай – ақ, театр режиссеры Ербол Абжалов театр ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сахна төріне шақырды.

blank blank

«Міржақып атамыздың ел болып өткізіп жатқан торқалы тойына кішкене болса да үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз», – дейді қоюшы режиссер.

blank blank

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген- автор

 

                                                                                                                                        Арқалық қаласы