Қалада қоршаған ортаны қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» және «Эко патруль» жобаларының жаңа маусымының салтанатты ашылуына арналған «Жасыл ел — таза болашақ!» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл жобалар еліміздің экологиялық мәдениетін арттыруға, жастардың белсенділігін дамытуға бағытталған.
«Жасыл ел» және «Эко патруль» – ел ертеңі үшін еңбек ететін жастардың жаңа серпіні, табиғатқа деген құрметтің нақты көрінісі.
Салтанатты шақта Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков жастарды іс-шараның басталуымен құттықтап, эко патруль жастарына лента табыстады.
«Эко патруль» жастарының қолына арнайы лента тағылды. Бұл лента — тазалық пен тәртіпке деген ұқыптылықтың, табиғатты аялауға деген жанашырлықтың, сондай-ақ эко мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жастар миссиясының айқын нышаны.
«Жастар – ұлттың болашағы. Олар тек білімменемес, еңбекпен де елгеқызмететуде. «Жасыл Ел» бағдарламасы-осыныңайқындәлелі. Бүгінненбастапбіздіңэко-патруль өз жұмысын бастайды.Олар қала тазалығына, қоғамдық орындардың экологиялық жағдайына бақылау жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады. «Жасыл ел» мен «Эко патруль» – бұл табиғатқа жанашыр көзқарастың белгісі. Туған жердің тынысы жастардың қолында», – дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Қуанышұлы.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы