Қазақстан Республикасының Полиция күніне орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құмар Іргебайұлы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығы мен амандығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан құқық қорғау саласындағы реформалардың маңыздылығына тоқталып, бұл өзгерістер полиция қызметкерлерінен жоғары тәртіптілік, принципшілдік пен халыққа адал қызмет етуді талап ететінін атап өтті.
«Қызметке деген адалдықтарыңыз, төзімділік пен ерліктеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, тыныш кезекшілік және отбасыларыңызға амандық тілеймін!» – деді облыс әкімі өз құттықтауында.
Айта кетейік, бұл мереке – ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі. Олар күн сайын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды рөл атқарады.
