Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс басшысы құттықтау жолдады

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс басшысы құттықтау жолдады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады.

«Мемлекеттік қызмет — бұл жай ғана мамандық емес. Бұл – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік, еліміздің тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы күнделікті еңбек», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі мен қоғаммен ашық диалог жүргізуі – халық сенімінің артуына және жүзеге асырылып жатқан реформалардың табысты болуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Құмар Ақсақалов тиімді және нәтижеге бағытталған мемлекеттік аппарат қалыптастыру – Мемлекет басшысының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар өңірде жалғасатынын жеткізді.

Мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, шыдамдылық, жігер және Отан игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.