Арқалықта жас шебердің көрмесі өтті

Арқалықта жас шебердің көрмесі өтті

Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның биылғы түлегі  Аделя Маратқызы Издебаева –  он саусағынан өнер тамған  жас талант. Талапты жастың он саусағынан өнері тамған қолөнер көрмесін тамашалаушылар қатары артып келеді.

Жас шебер түрлі моншақтан, қағаздан, саздан алуан түрлі бұйымдар жасайды. Сан түрлі әдістерді қолдана отырып салған суреттері де жанды сипатта көрініс тауып, сырлы сазымен, тылсым құбылысымен көздің жауын алады.

blank

«Аделяны алтын қолды шебер деп айтуға болады. Осы көз алдарыңызда тұрған жұмыстардың бәрін өз қолымен жасап шығарған. Әр моншақты үйлестіріп, таңғажайып туындыны дүниеге әкеледі. Қазір ол республикалық байқауға дайындалып жатыр. Ерен еңбекпен үйлескен туындылары лайықты бағасын алса дейміз»,  – дейді  қалалық білім бөлімі басшысының  орынбасары Жанат Хасенқызы.

blank blank

Ақ, қызғылт балшықтарды пешке қыздырып, керамикалық мүсіндер, ыдыстар жасайды. Анасы Айнұр Өміртайқызы қызының қолынан шыққан бұйымдарды көпке таныстырудан жалықпайды. Ұстазы Эдуард Салауатұлы да шәкіртінің болашағынан зор үміт күтеді.

blank

Аделя – орыс тілі бойынша мектепішілік олимпиадасының жеңімпазы, «Шығармашылық шеберхана» республикалық онлайн-конкурсының «Лепка» номинациясы бойынша Гран-при иегері. Бірнеше жыл қатарынан қалалық және облыстық «Алтын қазына» конкурстарының бірінші дәрежелі лауреаты.

Су ресурстарын қорғау номинациясы бойынша «Turaqty jol» республикалық байқауының финалисті. Ұлттық стильдегі қыш шеберлігі бойынша қалалық байқаудың жеңімпазы.

blank

Облыстық ығармашылық «Бояулар сыры» көрмесінде бірінші орын еншіледі.

blankҚР Білім Министрлігінің қолдауымен «Атамұра» ҰБО ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» республикалық «Жас суретшілер» байқауының жеңімпазы. «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Жас толқын» I республикалық көрмесінің жеңімпазы.

blank

Бүгінде Аделяның жұмыстары Қостанай қаласының облыстық сурет-галерея музейінде, одан әрі Қорғалжың қорығының музейінде және Астана қаласының мәдени мұра қорында ұсынылған.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы