Арқалықта  ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды 

Арқалықта  ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды 

Арқалықтағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығы мен Республика күні мерекесіне арналған білім ордасының кешенді іс шаралар жоспарына сәйкес «Менің елім-Қазақстан!» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараға топтар алдын ала, жеребе бойынша бөлініп берілген (қазақ, қырғыз, орыс, ұйғыр, украин,татар, корей, неміс, азербайжан, грузия)халықтарының ұлттық тағамдарын әзірлеп әкелді және таныстырды.

blank blank

Сондай-ақ, Қазақстан халықтарының ұлттық киімдерін насихаттады. Тағамдардың сапасын колледж қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия қарап, тексерді. Сауда-саттық базарына колледждің барлық топтары тегіс ат салысты.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Жәрмеңкеден түскен қаражатты студенттер оқу орнының жанынан ашылған қайырымдылық қорына салды.

Сабина Ахат,

Колледж студенттік парламент президенті,»Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3 курс студенті:

«Жыл сайын ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне ерекше белсенділікпен қатысамыз. Әр жылда әртүрлі халықтардың тағамдарын пісіреміз. Былтыр корей халқының ұлттық тағамын дайындаған болатынбыз. Биыл неміс халқының асханасын зерттедік. Өте қызықты, әркім өз тағамдарын сатып, өткізіп жіберу үшін жарыса жарнама жасадық. Республика күніне арналған патриоттық іс-шарада көпұлтты мемлекеттегі ұлттардың достығы мен ынтымағын мақтан ете насихаттап жатырмыз. Биылғы жәрмеңкеге деген дайындығымыз өте мығым болды. Жүлделі орын да алып қалатын шығармыз деген үмітіміз бар».

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

                                   Арқалық қаласы