Арқалықта қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды

Арқалықта қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды

Төтенше жағдай жарияланған Арқалық қаласында су тасқынының салдарынан бірнеше ауыл және ауылдық округтерге апарар көтерме жолдар мен көпірлер бұзылған болатын.

Қазір солар біртіндеп қайта қалпына келтіріле бастады. Атап өтсек, Қайыңды ауылына кіреберістегі бұзылған көпір уақытша қайта жөндеуден өтті.

Аққошқар ауылына барар жолдағы су өткізгіш құбыр да бұзылған болатын. Бұл жердің жөндеуі де (уақытша) бүгін түнде аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Әбдіғаппар хан ауылына апарар жолдағы көпірге зақым келіп, одан әрі жолды су шайып өтті.

Ол жаққа баруға жолды су босатпай жатқандықтан аталған көпір мен жолды жөндеу әзірге мүмкін болмай тұр. Мамандар уақытпен санаспай еңбек етуде.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу