Рудныйда жағдай тұрақты (ВИДЕО)

Рудныйда жағдай тұрақты (ВИДЕО)

Биыл Рудный қаласында жауған қардың биіктігі нормадан шамамен 1,5 есе жоғары болып отыр. Норма 16 см болса, 28 см қар түскен. Ал қар мөлшері 133 мм-ге жеткен. Негізінде қалыпты 44 мм болуы керек.
Қар суының күрт еруіге күн райының бірден жылынуы сеп болып отыр. Жергілікті билік су тасқынын болдырмау үшін және дер кезінде су тасқынына қарсы шараларды шабылдап жатыр. Қалада аулаішілік жолдарды, жеке секторды және басқа да су басу қаупі бар аймақтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер «Рахат» ЖШС аталған аймақтарда қар шығарып, мұз ойып, нөсер кәріздерін тазартумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, еріген судың кедергісіз ағып кетуіне арықтарда жұмыстар жасалған.

 

“Көше жолдарында пайда болған шұңқырларға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 39 техника жұмылдырылды. “Рудный Водоканал” ЖШС су сору жұмыстарын атқаруда. Кейінгі күндері кәріз желілері арқылы 42 мың текше метр су өтті. Норма 25 мың текше метр болуы керек еді. Ал, Қашар ауылында 25 мың текше метр су кәріз желісі арқылы ақты, қалыпты 6 мың текше метр болуы шарт”, – деді Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко.

Қала әкімі тасқынға қатысты барлық жағдайды өзінің бақылауында ұстап отырғанын жеткізді. Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағым бойынша да жұмыстар атқарылуда.
Су тасқынына қатысты сұрақтар бойынша азаматтар Ikomek 109 Ахуалдық орталығына 4-66-28 телефоны арқылы хабарласа алады немесе +77070109109 нөміріне сауал жолдай алады, телефондар тәулік бойы жұмыс жасайды.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу