Арқалықта мешіт асханасы ашылды

Арқалықта мешіт асханасы ашылды

Қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің асханасы пайдалануға берілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығымен тұспа тұс келген және қасиетті рамазан айының қарсаңында еңсе тіктеген мешіт асханасының салтанатты ашылуына алыс — жақыннан құрметті қонақтар көптеп жиналды.

blankҚостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановқұттықтау сөз сөйледі.

blankАйтыскер ақын Батырлан Сағынтаев арнау жырын орындады.

blankҰлттық салт-дәстүрімізге сай ақ жаулықты аналар шашу шашып, халықтың зор ықылас — қошеметімен жаңа нысанның кермесі қиылды.

blank blank blank Мешіттің жаңа асханасында алғашқы болып қала әкімінің отбасы атынан үлкен ас берілді.

blankblank

blank

Қонақтарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

blank blank blank blank Облыстың бас имамаы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы ҚМДБ – ның «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде табыстады. Діни басқармадан алғыс алғандардың қатарында қала әкімі Әмірхан Асанов, «Алюминқұрылыс» ЖШС бас директоры Абай Мұқанов, «Бірлік және К» ЖШС бас директоры Қазбек Мұқашев, «Арқалық көмір» ЖШС диреторы Сағидолла Аяп және қалалық «Жігер» стадионының директоры Рүстем Шалабаевтар бар.

blankЕл игілігі үшін қолға алынған іске демеушілік жасаған азаматтарға қала әкімінің сый-сияпаттары тапсырылды.

blankІзгілікті іске жылы лебіздерін білдірген ағайындардың да қатары аз болмады.Аманкелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев, тарихи тұлғалардың ұрпақтары Сұлтанғали Оспанов, Тойғанбол Нұрханов және т.б елдің бетке ұстар азаматтары ықылас-пейілдерін білдірді.

blankblankblankblankblankҚалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, Арқалық қаласының құрметті азаматтары Қайырден Тұрсынбекұлы, Шөптібай Байділдаұлы, Бақытжамал Қалтаеваларда мешіт асханасының салынуы барша қала халқы үшін үлкен қуаныш екенін алға тартты.

blank

 «Жалпы мұсылмандар үшін қайырлы, берекелі болған рамазан айының қарсаңында мешітіміздің асханасының есігін халыққа айқара ашып отырмыз. Бұл жер тек елдің игілігіне жарайтын орын болсын дейміз. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, осы құрылысқа атсалысқан барша бауырларымызға алғысымызды білдіреміз», – дейді Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Бақтыбай.

Мешіт асханасы бір мезетте 500 адамға қызмет көрсетуге лайықталған.

blankҚала кәсіпкерлерінің көмегімен тұрғызылған құрылысқа 150 миллион теңгедей қаражат тартылған. Сәулетті, кең әрі жарық ғимаратта әруақтарға арналып құран бағышталды.

blank

blank

blank

blank

Осылайша, көптен елдің көкейінде жүрген тағы бір іс түйінделді.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы