Арқалықта Фурманов ауылы «ең таза ауыл» деп танылды

Арқалықта Фурманов ауылы «ең таза ауыл» деп танылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ел тұрмысының жандануының бірден бір айқын көрінісі.

Ел өміріндегі маңызды шараға арқалықтықтар да лайықты үн қосып келеді.

blank Ынтымақты іс нәтижесін бере бастады. Оның айғағы – Фурманов ауылының көш басынана көрінуі.

blank

«Салыстырмалы түрде айтқанда қалаға қарасты барлығы 17 елдімекеннің, оның ішінде 13 ауыл және ауылдық округтер бар, солардың арасында Фурманов ауылы ең таза ауыл деп танылды. Бұл ауыл тұрғындарының еңбектері мен ауызбіршіліктерінің арқасында қол жеткізіп отырған жақсы көрсеткіштері», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов халықпен кездесуінде.

Сондай – ақ, әкім ұсынақты ауылға бұл жұмыстың қарқынын бәсеңдетпей алдағы уақытта да тазалыққа жіті мән бере беру қажеттігін тапсырды.

blankblank2025 жылдың 1 маусымына текті Фурманов ауылындағы халық саны 1437 адамды құрайды. Тұрғындардың негізгі кәсіп көзі — егін егіп, мал өсіреді. Ауылда 336 аула, 189 тұрғын үй бар. 1 ЖШС, 41 шаруа қожалығы, 10 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, кітапхана, пошта, мешіт сияқты халыққа қызмет көрсету орындары өз жұмысын жүйелі жүргізіп отыр. Жаңа ФАП салынып, пайдалануға берілген.

blank

«Мұның бәрі тұрғындарымыздың ымырашылдығымен жасалып жатқан іс. Біз ауылымыздағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайта отырып, халықпен бірігіп жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесінде осындай жоғары дәрежеге жетіп отырмыз», – дейді Фурманов ауылының әкімі Досхан Әубәкіров.

Науқан бойынша не істелді? — деген сауалға келетін болсақ, ауыл көшелеріне ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу үшін «аркалар» орнатылған. Көшелер жарықтандырылып, жол белгілері қойылған. Балалардың ойын алаңдары да көптеп салыну үстінде.

blank

Қоқыстарды төмендетілген бағамен шығару үздіксіз ұйымдастырылып жатыр. Бұл іске «Бірлік К» ЖШС, «Анжела 1», «Карина С» сияқты өзге де шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетуден әсте тартынбайды.

    Мұрат Жүнісұлы

                        Суреттерді түсірген автор                                                                                                                       Арқалық қаласы