Аманкелдіде электр желісінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Аманкелдіде электр желісінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Аманкелдідегі аудандық электр торабында апаттың себебі анықталу үстінде.

Жарылыс салдарынан аудан орталығында жарық өшіп, Beeline байланысы істен шықты. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімі өртті ауыздықтады. Оқиға орнында жедел штаб өкілдері жұмыс істеп жатыр.

“Алдағы уақытта жарылыстың себебін анықтаймыз. Төрт-бес сағат көлемінде электр жарығы қосылады. Арқалықтан арнайы бригада көмекке шықты”, – деді оқиға болған жерге келген аудан әкімі Талғат Карбозов.

Бұл туралы сол өңірдегі тілшіміз Айбек Таңатбаев хабарлады.

Жаңалықтармен бөлісу