Амангелдідегі апатқа байланысты жаңа деректер пайда болды

Амангелдідегі апатқа байланысты жаңа деректер пайда болды

Күні кеше Аманкелді ауданында жылу қазандығы жарылып, бірнеше нысан жылусыз қалып, бір адам зардап шеккен еді. Бүгінгі ахуал туралы облыс әкімдігі ақпарат берді.

Хабарламаға сүйенсек, 7 қарашада сағат 01.15-те жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін Қостанай қаласынан блоктық-модульдік қазандық жеткізілген.

“Атап айтқанда, қуаты 11 кВ болатын 3 КВР 5 қазандығы, 2 су айналдырғыш жіберілді. Бүгін сағат 9:30-дағы жағдай бойынша БМК қазандықтарын орнату жұмыстары аяқталды. Жылу беру жұмыстары жүргізілді. Пәтерлерде жылуды іске қосу мәселесімен үйлерді аралау басталды. Баспаналардағы температура режимі – 18-20 градус. Блок-модульдік қазандық штаттық режимде іске қосылды. Аманкелді ауданы әкімдігі ендігіде мұндай оқиғанға жол берілмес үшін қосымша резервтік құрылғылармен қамтамасыз етеді”, – делінеді ақпаратта.

Ал апаттан жапа шеккен адамның қазіргі жағдайы ауыр, дегенмен сатурация мен қан қысымы бір қалыпты. Науқастың халі дәрігерлердің тұрақты бақылауында ұсталып отыр.

Жаңалықтармен бөлісу