«Алтын домбыра» референдум учаскесінде

«Алтын домбыра» референдум учаскесінде

Арқалық қаласындағы №104 референдум учаскесінде де дауыс берушілердің қарасы қалың. Бұл учаскеде 1708 дауыс беруші тіркелген.

«Таңертеңнен бастап халық үзілмей келіп жатыр. Учаскеміз ашылмай тұрып келген 20 адамның екеуіне және таяуда 18 жасқа толған алғаш дауыс берушіге сыйлықтар ұсындық», — дейді №104 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Ләззат Әбдіғалиқызы.

blank

Бәрі жіті бақылауда. Сондықтан тәртіп бұзушылыққа жол берілмейді.

blank

«Біздің бақылауымыздағы учаскеде ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Халық емен-еркін келіп, жеке бас құжаттарын көрсету арқылы бюллетендерін алып, арнайы жабдықталған жеке кабинаға барып таңдауларын жасауда», — дейді «Дауыс» коалициясының бақылаушысы Аяжан Жұмабекқызы.

blank

Көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын қала тұрғындары референдум учаскесіне қойылған құнды жәдігер «Алтын домбыраға» назар салып, қолдарына ұстап суретке түсуде.

blank

«Біз бүгін музей қорында тұрған Айтыс ақтаңгері Айбек Киікбайұлының өткен жылдың қорытынды айтысында жеңіп алған «Алтын домбырасын» тарихи сәтте халық назарына ұсынып жатырмыз», — дейді Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің директоры Рауан Абдуллажанұлы.

blank

blank

Айбек Қалиев, айтыскер ақын, «Алтын домбыра иегері, дауыс беруші:

«Өзім тіркелген учаскеге келіп ел қатарлы таңдауымды жасадым. Қазақстанның болашағына бейжай қарамау – әрбір азаматының міндеті деп ойлаймын. Елге тілегім, кеше «Көрісу күні» амал мерекесін атап өттік. Алдымызда ұлыстың ұлы күні Наурыз жаңа жылымыз келе жатыр. Жаңа жылдан жақсылықтар күтеміз. Еліміздің ынтымағы ажырамай, тыныштықта, бейбітшілікте өмір сүре берейік»

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы