Алмат Досмұхамедов Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды

Алмат Досмұхамедов Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды

26 қазанда Қостанай қаласында Қостанай облыстық мәслихатының №4 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттың қосымша сайлауы өтті. Бүгін, 28 қазанда, дауыс беру нәтижелері жарияланды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың мәліметінше, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 31 300 азамат енгізілген, олардың 12 570-і өз таңдауын жасады. Барлығы 17 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Депутат мандатына үш үміткер тіркелді:

• Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов, «AMANAT» партиясы ұсынған, 1984 жылы Жітіқара қаласында туған. Жоғары білімі бар. Оның кандидатурасын партия құрылымдары мен қазіргі шақырылымдағы депутаттар қолдаған.

• Жоламан Серікұлы Елубай, өзін-өзі ұсынушы, 2003 жылы Жітіқара қаласында туған, жоғары білімі бар. Ол өңірдегі сайлау науқанына қатысқан ең жас үміткерлердің бірі.

• Мұрат Ахатұлы Ысқақов, өзін-өзі ұсынушы, 1988 жылы Қостанай облысының Амангелді ауылында туған, жоғары білімі бар.

Дауыс беру қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей болды:

• Досмұхамедов А. Қ. — 8 815 дауыс,

• Ысқақов М. А. — 1 609 дауыс,

• Елубай Ж. С. — 1 344 дауыс.

Осылайша, «AMANAT» партиясының өкілі Алмат Досмұхамедов сайлаушылардың басым дауысын жинап, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты атанды.