Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының он алтыншы турының аясында Қостанайдың “Тобылы” Көкшетаудың “Оқжетпес” командасын қабылдады.
“Тобыл” ойынның бірінші бөлігінде екінші құраммен өнер көрсетті. Соған қарамастан, көкшелік “Оқжетпеске” тойтарыс бере білді. Ойын көбінесе қонақтардың айып алаңында өтті. Бірінші тайм аяқталар тұста “Тобылдың” қосалқы құрамының ойыншысы Павел Киреенко жарақат алып қалды. Орнын негізгі құрамнан алаңға шығып жүрген Ислам Чесноковқа босатып берді. Ол алаңға шыға салысымен оң қанаттан шабуылға көшті. “Оқжетпестің” қорғаушысы Иван Цюпа қақпа маңынан Чесноковқа қарсы тәртіп бұзып, қонақтарға он бір метрлік айып добы белгіленді. Рамазан Оразов бұл пенальтиді сәтті орындады. Кездесудің келесі бөлігінде алаңға команда капитаны Серікжан Мужиков, шабуылшы Сердж Дебле, жартылай қорғаушы Самат Жарынбетовтер шықты. Олар да алаңға шыға салысымен, үйлесімді комбинацияны тамаша голға айналдыра білді. Қақпашыдан келген допты Самат әуелете оң жақ бұрышта жүрген Сердж Деблеге асырды. Дебле оң бұрыштан ортаға ортаға ойысқан Серікжанға жерлете қиып берді. Команда капитаны артындағы қос қорғаушыдан әрлі-берлі допты алып қашып, ұрымтал жерден сегіздікті дәл көздеді. Ойын 2:0 есебімен “Тобылдың” пайдасына аяқталды.