Әулиекөлде ұлттық спорт түріне ерекше көңіл бөлінді

Әулиекөлде ұлттық спорт түріне ерекше көңіл бөлінді

Спартакиада бағдарламасында ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінді. Тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі және кір тасын көтеру жарыстары көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Ұлттық ойындарды дамытуға үлес қосып жүрген тәжірибелі педагог Эльмира Қияқова бүгінде Құсмұрын кентінде жиырма жылдан астам уақыт бойы дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Оның айтуынша, ұлттық ойындар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын дамытады. Қазіргі таңда оның шәкірттері облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

– Асық пен бес асық ойындары қолдың майда моторикасын, көздің дәлдігін, дененің икемділігін дамытады. Оның бәрі де ұлттық тәрбиемен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыратын спорт түрлері, – дейді ұстаз.

Спартакиада аясында өткен шахмат турнирі де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың бас төрешісі, спорт ардагері Серік Есенеев қатысушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға беруде. Турнирге ауданның 10 командасынан 30 спортшы қатысты.

blank

Ең жас ойыншы небәрі 18 жаста болса, ең үлкен қатысушының жасы 75-тен асқан.

– Дәстүрлі жарыс жылдан-жылға дамып, қатысушылардың ойын сапасы да артып келеді. Жастар мен ардагерлердің бір тақта басында бақ сынауы – үлкен тәрбиелік мәнге ие, – дейді Серік Есенеев.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

суреттерді түсірген