Қазақстан журналистер одағының филиалы мен Qostanai теларанасы журналист Анатолий Гавриловты еске алуға арналған дәстүрлі шаңғы жарысын ұйымдастырды.
Әріптестерімізден құралған Шұға Қоңқабай, Қымбат Досжанова, Василий Васильев, Әли Сәлімнің төрттігі эстафетада мәре сызығын екінші болып кесті.


Айта кетейік, бұл сында «Костанайский новости» газетінің шаңғышылары бірінші жүлдені еншілесе, жарыс қожайындары Qostanai телеарнасы жеті команданың арасында үздік үштікті түйіндеген еді.
Қарымды журналист Анатолий Гаврилов Qostanai телеарнасы бірнеше жыл жұмыс істеген. Спорт тақырыбына арналған бірнеше репортаж, хабарларымен қалың көрерменге танымал. Журналист еске алуға арналған турнир осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр.

«Анатолий әріптесіміз өңіріміздің спортшыларын елге танытқан үздік журналист еді. Спорттың қай түріне жақын болғанымен, шаңғы жарысы оған оттай ыстық болатын. Бала кезінен айналысқан. Жарыс басталардан бір күн бұрын келіп, спортшылармен базада түнейтін. Кейін керемет репортаждар туындады. Міне, сол себепті спорттың осы түрін таңдап алуымыз бекер емес», – деді әріптесі, Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбек.
Осы сәтке Ресейдегі қызы Алена да арнайы куә болды. Демеушілер мен ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Телеарна директоры Заңғар Санай алыстан келген қонаққа құрмет көрсетті.

Осы жарыстың өтуіне «Варваренко», Allur, СЭД компаниялары демеуші болған еді.
Айбек ЖҮЗБАЙ
