Енді сот орындарының жәбірленушілердің өтінішінсіз куәгерлердің айғақтары мен бейнекамералардың жазбаларына сүйене отырып, зорлық-зомбылық жасау фактісімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы өңірлік комуникация орталығында журналистермен өткен брифингте айтылды
“Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Егер бұрын бір тәуліктен бес тәулікке дейін қамауға алумен шектелсе, енді түзетулер күшіне енген кезде отбасылық зорлық-зомбылық жасаушыға ескерту жасалады немесе бес тәулікке қамауға алынады, егер агрессия қайталанса, ол он тәулікке қамауға алынады.Ұрып-соғу үшін он тәулік, қайта ұрғаны үшін қамауға алу мерзімі он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейін ұзартылды”, – деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей МИЛЮК
Бұдан былай татуласуға тек бір рет, сотта ғана мүмкіндік болады. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысым жасауды тоқтатуға мүмкіндік береді.
Әсел Қибаш