111 мың теңгеге дейін: мүгедектік жәрдемақы мөлшері белгілі болды

111 мың теңгеге дейін: мүгедектік жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Бүгінде Қазақстанда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 544 мыңнан астам адам алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобы мен оның себебіне қарай белгіленіп отыр.

Биыл жалпы ауру салдарынан мүгедектік белгіленген азаматтарға бірінші топ бойынша 111 мың 873 теңге, екінші топқа 89 мың 498 теңге, үшінші топқа 61 мың 22 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Сонымен қатар, азамат үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, оған еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты қосымша әлеуметтік төлем тағайындалуы мүмкін. Оның мөлшері адамның әлеуметтік аударымдары жүргізілген табысына, еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке есептеледі.

Ал еңбек қызметі кезінде жазатайым оқиғаға ұшыраған немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектікке тап болған жұмысшыларға сақтандыру төлемдері қарастырылған.

Яғни азаматтың өмірлік жағдайына қарай мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы берілетін төлемдер бірін-бірі толықтыруы мүмкін.