Қостанайлық шеберлер өздерінің туындыларын келушілер назарына  ұсынды

Қостанайлық шеберлер өздерінің туындыларын келушілер назарына ұсынды

Барлығы дерлік, дымқыл және құрғақ киіз басу техникасында жасалғаны көрініп тұр.
“Біздің қор қазақтың дәстүрлі қолданбалы қолөнерін жаңғыртумен айналысады. Біз дәл осы әдістермен киіз басамыз, кілем тоқумен айналысамыз, терімен жұмыс жасаймыз. Біздің шеберлер киіз үйлер жасайды, музыкалық аспаптар мен басқа да шығармашылық заттар ойлап табады. Тәуелсіздіктің отыз жылында біз қазақтың сәнге айналғанын түсінген сәтке енді жетіп отырмыз”, – дейді Qoloner қолөнершілер қоғамдық қорының жетекшісі Сәуле Қабидулова.
Сурет галереясында қойылған көрмедегі түрлі-түсті бұйымдардың ішінде келушілердің назарын Қазақстан картасы бірден аударады.

Шекараларда әр қаланың негізгі рәміздері бейнеленепті, оның ең ұсақ бөлшектері де түрлі атауға ие дейді жасаушылар.
Көрермендерге одан басқа киіз үйлер, ою-өрнектер мен Торғайдың геоглифтері, Тобыл ойшылы, әйгілі “Тамғалы” шатқалының петроглифтері археологиялық ескерткішінің фигуралары және басқа да қызықты кенептер бейнеленген импровизацияланған табақтар ұсынылды.


“Бұл идея 2009 жылы пайда болды. Бүгін біз екінші көрмені өткізіп жатырмыз. Көптеген адамдар дәстүрге қызығушылық танытып, оларды жалғастырғысы келетініне қуаныштымын. Осындай қысқа мерзімде қырықтан астам сюжеттік композиция жасалды”, – дейді Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталова.

Жаңалықтармен бөлісу