Арқалықта кино-кеш өткізілді

Арқалықта кино-кеш өткізілді

«Демалыс» саябағындағы «Сырғанақ» ойын-сауық алаңында қала тұрғындары үшін ерекше кино-кеш ұйымдастырылды.

Ілкімді іске Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының мұрындық болды.

Ашық аспан астында, үлкен экранда отандық кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипованың «Ол сен емес» фильмі көрсетіліп, көрермендерге жақсы көңіл-күй мен жылы әсер сыйлады.

Жазғы кештің жайлы атмосферасы, әсерлі фильм және бір алаңға жиналған көрермендердің ықыласы кештің шырайын шығаып, қала тынысына жан бітіретін жарқын сәттердің біріне айналды.

«Арқалықтың дамып жатқаны көңіл қуантады. Бүгінгі кино-кеш те керемет көңіл-күй сыйлады. Таза ауада, көпшілікпен бірге жақсы фильм тамашалаудың әсері ерекше екен. Ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай көпті біріктіретін қызықты іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса екен деп тілейміз», — дейді жастар белсендісі Азамат Жолдықан.

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                          Арқалық қаласы