Есірткі заттары адамзатқа ертеде белгілі болғанын білесіз бе? Ежелгі дәуірде көптеген өркениеттер діни рәсімдерді өткізу үшін осы есірткіні пайдаланған. Содан кейін есірткі медицинада біртіндеп қолданыла бастады. Ауру ретінде нашақорлық 18 ғасырда кеңінен мойындалды.
Әуелде ешкім нашақор болу үшін есірткі қолданбайтыны анық. Барлығы бірінші сынақтан басталады. Психикалық тәуелділікті қалыптастыру үшін үш сынақ жеткілікті дейді мамандар.
Бұл туралы “Дені сау болу керемет” нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жасөспірімдермен өткен іс-шарада айтылды. Ашық аспан астан астында өткен жиында Қостанай облысы бойынша психикалық денсаулық орталығының психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжанқызы:
– Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, бүгінде болашағымызға қауіп төндіріп тұр. Әрбір жанұяның есігі мен үңілген, айналасын торып, ғасыр індеті, – деп атап кетті.
«Өңірімізде есірткіге қатысты жағдай ресми статистикадағыдай күрделі ме?» деген қоғамды толғандырған тақырыпта облыстық ішкі істер Департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Айгүл Ерәділова тәжірибелік қортындысын алға тартты.
– «Полиция мұндай қылмысты қалай шеше алады?» деген сауалды өзімізге қойсақ, бұл жағдай әртүрлі жолдармен жүзеге асырылатын күрделі процес. Қылмыскерлер барлық трюктерге барады. Есірткібөлшектері қарапайым адам таба алмайтын әр түрлі жерлерде жасырылады. Содан кейін олар есірткінің дозасын өте жоғары әрі кішкентай деп бөліп қою қимылдарына көшеді. Мұны арнайы дайындалған адамдар ғана жасайды. Өз ісінің мамандары. Оны табу үшін, әрине, қызметкерлерге үйретілген иттер ғана көмекке келе алады. Жануарлармен түрлі жаттығу өткізетін адамдары бар, – деді полиция өкілі.