«Мемлекеттік мекемелердегі әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі»

«Мемлекеттік мекемелердегі әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі»

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, әдеп жөніндегі уәкіл — қызметтік әдеп стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызмет заңнамасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің бұзушылықтарының алдын алатын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз міндеттері шеңберінде кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің сапасы мен беделі мемлекеттік мекемелерге деген қоғамдық сеніммен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауы маңызды талап болып табылады. Осы бағытты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет жүйесінде әдеп жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бұл мекеме мемлекеттік аппараттағы тәртіп пен мәдениетті нығайтуға және қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттеріне мыналар кіреді:

— Кеңес беру және түсіндіру жұмыстары. Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларды сақтау және мінез-құлық стандарттарын дұрыс қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

— Бақылау және мониторинг. Әдеп кодексінің сақталуын бақылайды және анықталған кез келген бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

— Жанжалдарды шешу. Ұжымда туындайтын әдеп мәселелерді шешеді, тараптар арасындағы татуласуларды жеңілдетеді және бейтарап шешімдер әзірлейді.

— Алдын алу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және әдеп нормаларға қайшы келетін әрекеттердің алдын алу шараларын ұйымдастырады.

— Ұжымдық ахуалды нығайтады. Мемлекеттік қызметшілер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді және моральдық-психологиялық ортаны жақсартады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы мемлекеттік аппараттағы тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін арттыруға ықпал етеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет жүйесіндегі маңызды институт болып табылады. Олар мемлекеттік қызметшілердің қызметінің заңдылығы мен тәртібін қамтамасыз етеді және олардың әдеп нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметті үйлестіреді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің тиімді жұмысы мемлекеттік аппараттың беделін нығайтады және қоғамдық сенімін арттырады.

А.Дабаев,
«ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік комитетінің
Қостанай мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру департаменті» ММ
басшысының орынбасары және
әдеп жөніндегі уәкіл