Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионға жетті

Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы балалар саны 6,9 миллионға жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл республика халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды.

📊Балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

– Ұл балалардың үлесі 51,4 пайызды, қыз балалардың үлесі 48,6 пайызды құрайды, – делінген хабарламада.
Олжас Ғабдімәлік,
ҚӨУ студенті