Арқалықтық жас сарбаздар облыстық әскери-спорттық сайыстан жетістікпен оралды

Арқалықтық жас сарбаздар облыстық әскери-спорттық сайыстан жетістікпен оралды

Қарабалық ауданында өткен «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық кезеңінде Арқалықтың намысын қорғаған қала мектептерінің әскери-патриоттық «Жас сарбаз» үйірмелерінің оқушылары жақсы нәтиже көрсетіп оралды.

Атап айтатын болсақ: Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ оқушылары Ерсін Еңбекші, Қуаныш Тұрған, Жаңагүл Оразбек (жетекшісі — Мереке Сыздықов), Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ оқушысы Мақсат Қапешов (жетекшісі — Әлібек Әбдірахманов), Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқушылары Жансұлтанбек Байдеш, Зарина Букесова (жетекшісі — Манарбек Байбосынұлы), А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Ернұр Бақытжан (жетекшісі — Жаслан Сәлімжанов), №7 ЖББМ оқушысы Ғибрат Сәкен, Абылайхан Алпыс (жетекшісі — Алмат Серікбайұлы) қатысып, белсенді ойын өрнегін көрсетті.

Жарыстың АК-74 қаруын толық емес бұзу — жинау бойынша жекелей сында Қуаныш Тұрған III орын иеленді. АК-74 қаруын толық емес бұзу жинау сайысынан жалпы командалық есебінде арқалықтықтар ІІІ орынды қанжығалады. Белтемірге тартылу (турник — ұлдар) сайысында жалпы командалық есепте II орын, шалқасынан жатып денені көтеру (пресс — қыздар) сайысынан жалпы командалық есепте I орын иеленді.

blank

«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойының облыстық финалында Арқалық қаласы жалпы командалық есепте жүлделі III орынға тұрақтады. Оқушыларды жарысқа әріптесім Жаслан Сәлімжан екеуміздің жетекшілігімізбен апарып келдік.

blank

Жалпы, алғашқы әскери дайындық сабақтары мектептерде 10-11 сыныптарда өткізіледі. Қаланың барлық мектептерінде материалдық база қалыптасқан деуге болады. Автомат қаруының макеттері, гранатаның макеттері, сондай — ақ арнайы стендтермен жабдықталған»,-дейді Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мереке Әлімжанұлы.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ