Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Qoja Ahmet Yasaui» ордені күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Qoja Ahmet Yasaui» ордені күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат»

Бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған жиынға Қазақстан төрағалық етті.
Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qoja Ahmet Yasaui» ордені күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат екенін айтты.

«Бүгінгі жиында өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым.
Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым.
Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады.
Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым.
Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін», — деді Президент.