Облыс әкімі «Құрмет» ордендерін табыстады

Облыс әкімі «Құрмет» ордендерін табыстады

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды.

Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.

blank blank blankblankҚазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес Денисов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ирина Важничая, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ержан Қожабеков, «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің президенті Рихсибай Мамедов, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның проректоры Нұрлыхан Темірбеков, «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының басшысы Динара Өтебаева «Құрмет» орденімен марапатталды.

Суреттерді түсірген

Бердіболат Көркембаев