Саяси науқан Қостанай қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мәресіне жетті. Қала тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.«Референдум өз мәресіне жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті аяқталды. Қостанай қаласының азаматтары белсенді қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдірді. Дауыс беру процесі ашық және заң талаптарына сәйкес өтті.
Референдум учаскелері қазір сағат 20:00-де жабылды, комиссия мүшелері дауыс берілген бюллетеньдерді санауға кірісті.
Бұл маңызды саяси оқиға қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Референдумды ұйымдастыруға атсалысқан барлық комиссия мүшелеріне, байқаушыларға және дауыс беруге белсенді қатысқан Қостанай тұрғындарына алғысымды білдіремін», — деді Қостанай қаласының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәния Шәріпова.
