Бүгін Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары «Қостанай қаласының №2 емханасы» КМК еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы болды.
Кездесу барысында депутаттар елдің одан әрі дамуына, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты баяндады.
Медициналық мекеме қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Диалог ашық әрі конструктивті жағдайда өтті.
