Астанада өткен жаңа Конституция жобасына арналған Партияаралық диалогта Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым 3-бап туралы ойын ортаға салды.
«Жаңа Конституцияның 3-бабы – мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі. Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.
Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.
Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді», — деді Айдос Сарым.
