Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде  Smart студия ашылды

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде  Smart студия ашылды

Аталған жоба білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және цифрлық білім беру ортасын дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Smart Studio – білім беру мазмұнын жаңғыртуға арналған заманауи алаң. Студия білім беру бейнематериалдарын жазуға, онлайн-сабақтар өткізуге, электрондық оқу ресурстарын әзірлеуге және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінің сапасын арттыруға, педагогтер мен білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, заманауи оқыту форматтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

   blank

«Smart Studio – тек техникалық кеңістік емес, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін шыңдайтын шығармашылық орта. Мұнда студенттер заманауи оқыту құралдарын меңгеріп, цифрлық контент әзірлеуді, интерактивті платформалармен жұмыс істеуді, медиасауаттылық пен жобалық қызмет дағдыларын дамытуды үйренеді», – деді қонақтарға таныстырып өткен колледж директоры Жомарт Құсайынов.

Smart Studio-ның ашылуы білім беру қызметін жаңғыртуға, мамандар даярлау сапасын арттыруға және инновациялық педагогикалық тәжірибені дамытуға тың серпін беретінін айтып өтті.

blank

Ал облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Бегатаров цифрландыру жағдайында мұндай жобалардың өзектілігі жоғары екенін, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.

Іс-шара соңында қатысушылар студияның техникалық мүмкіндіктерімен танысып, заманауи жабдықтардың жұмысын тамашалады.

blank

Сонымен қатар Smart Studio-ны оқу және әдістемелік қызметте тиімді пайдалану перспективалары ұсынылды.

blank

Smart Studio-ның ашылуы – колледж өміріндегі маңызды оқиға және заманауи, инновациялық, цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

blank

blank

Бұл студия жаңа мүмкіндіктердің, тың идеялардың және болашақ табыстардың орталығына айналсын!