Қостанай қаласының тұрғыны Дина Жұмақова 2019 жылдан бері Еуразиялық банктың тұрақты тұтынушысы. Ол күнделікті азық-түлік, әуе билеттерін, өзге де тұрмысқа қажетті заттар сатып алғанда аталмыш банктың картасымен төлейді. Осындай белсенділігінің арқасында Еуразиялық банктің Mastercard картасын қолданушылар арасында ұйымдастырылған ұтыс ойынына қатысып, су жаңа Chevrolet автокөлігін ұтып алды.
Жеңімпазға темір тұлпарды табыстау рәсімі Қостанай қаласындағы «Тарлан» көлік салонында салтанаты түрде өтті. Келушілерге мерекелік дастархан әзірленіп, көңілді әуен ойнап тұрды. Көркем безендірілген көлік кешені әп-сәтте әсемдік ордасына айналғандай. Салтанатты сәттің басты кейіпкері Дина Жұмақовамен аз-кем сұхбаттасып, сыр тартып көрдік.

«Менде Еуразиялық банктің үш картасы бар. Алдымен Visa Gold картасын аштырдым. Одан кейін Mastercard Black Edition және автокартаны қатар қолдандым. Барлық сатып алулар кезінде бірінші кезекте Еуразиялық банктің картасын пайдаланамын. Өзім көлік жүргізгенді ұнатамын. Көлікке техникалық қызмет көрсету кезінде де осы банктің картасымен есеп айырысу тиімді. Себебі мұнда бонус жүйесі бар. Еуразиялық банктің картасымен есеп айырысқанда қомақты бонус жинауға мүмкіндік береді»,-деген кейіпкеріміз банк картасының артықшылықтарын тізбектеп берді.
Республика бойынша ұйымдастырылған ауқымды акцияға қалай қатысқанын да айтып берді.

«Банк қосымшасында әртүрлі жаңалықтар жарияланып, тәулік бойы жаңарып отырады. Бірде «Pay&Drive» науқаны туралы хабарламаны көзім шалды. Ойланбастан акцияға қатысуға бел байладым. Банкке хабарласқанымда менеджер мән-жайды тәптіштеп түсіндіріп берді. Осылайша бақ сынап көруге шешім қабылдадым. Негізі ұтамын деп үміттенбедім. Қатысайын деген ізгі ниет еді. Ұйымдастырушылар қоңырау соғып, ұтысты болғанымды хабарлады. Сол сәтте бірден алаяқтар шығар деген ой келді. Өйткені, қазір интернет алаяқтарының дәурені жүріп тұр ғой. Ұтысқа қойылған көлік шынымен маған бұйырған екен. Қуаныштымын. Еуразиялық банктің жеңілдіктері мен науқандарына деген сенімім одан әрі арта түсті. Үлкен жеңіс – қарапайым іс-әрекеттен басталады. Осындай қуанышты сәтті бәріңізге тілеймін. Жақсылыққа сеніңіздер, үміт артыңыздар»,-дейді Дина Жұмақова.
Дина Шаяхметқызы 25 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істепті. Қазір заңды демалыста. Ол Еуразиялық банктің депозитін тиімді деп санайды. Еуразиялық банктен өзге банктерге ақша аудару пайызсыз жүргізіледі екен. Қаржы операциясын банк қосымшасында телефон нөмірі арқылы оп-оңай жүзеге асыра аласыз.

Еуразиялық банктің «Pay&Drive» науқаны республика бойынша 19 филиалдың арасында өткенін еске саламыз. Оған Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарындағы бөлімшелерінің клиенттері қатысқан. Акцияның шарты қарапайым, Еуразиялық банктің Mastercard картасын тұтыну. Сатып алған заттарыңызды Еуразиялық банк Mastercard картасымен төлеу арқылы ұтысқа қатысасыз. Сәттілік серігіңіз болса бас бәйге – сіздікі. Осы тәртіп бойынша бағын сынап, көп ішінен Қостанай қаласының тұрғыны жүлдегер атанғаны әрине қуантарлық жағдай. Айтпақшы, акцияда 1 000 000 теңге сомасына техника сатып алуға арналған 9 сертификат ойнатылған еді. Соның бірі Рудный қаласының тұрғынына бұйырыпты.

Салтанатты рәсімде «Еуразиялық банк» АҚ ҚФ-ның директоры Қырмызы Сапарқызы ұтыс иесі Дина Жұмақоваға автокөлік кілтін табыстады.

«Еуразиялық банкі үш ай бойы ауқымды науқан өткізді. Нәтижесінде біздің клиентіміз бас жүлде – автокөлікті ұтып алды. Еуразиялық банк қашан да клиенттерге қолайлы жағдай жасауға, тиімді қызмет көрсетуге дайын. Алда тағы да осындай ұтыстар болады. Баршаңызды біздің банкпен бірге жұмыс істеуге шақырамын. Еуразиялық банк карталарын қолдану – оңай әрі тиімді»-деді «Еуразиялық банк» АҚ ҚФ-ның директоры Қырмызы Жаңбыршина.

Еуразиялық банк еліміздегі үздік он банктің қатарында. Бағалы сыйлықтар ұтысын тұрақты өткізеді. Қапы қалмаңыз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
