Ұлттық ұлан офицері балалар үйінде өткен танымдық іс-шараға қатысты

Ұлттық ұлан офицері балалар үйінде өткен танымдық іс-шараға қатысты

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 Әскери бөлімнің офицері, лейтенант Тимур Малқар ерекше форматтағы іс-шараға қатысып келді.

Ол «Жанұя» балалар үйінде ұйымдастырылған «Мамандықтар марафоны» атты танымдық іс-шараға қатысып, өзге сала өкілдерімен бірге балаларға түрлі мамандықтардың ерекшеліктерін таныстырды.

Аталған іс-шара барысында ұстаз, дәрігер, құрылысшы сынды мамандық иелерімен қатар, лейтенант Малқар Отан қорғаушы мамандығының қыр-сыры туралы кеңінен әңгімеледі. Ол әскери қызметтің жауапкершілігі, тәртібі мен маңызын түсіндіріп, Ұлттық ұлан қатарында қызмет етудің артықшылықтарына тоқталды.

blank blank

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға әр мамандықтың мән-мағынасын көрініс арқылы көрсетіп, олардың атқаратын міндеттерін көрермендерге жеткізу болды. Әр мамандықтың өкілдері балалардың көрсеткен қойылымдарын бағалап, өз бағыттары бойынша пікір білдірді.

Кездесу соңында Тимур болашақта дұрыс мамандық таңдаудың маңызын атап өтіп, балаларды өз қабілеті мен қызығушылығына сай шешім қабылдауға шақырды. Сонымен қатар ол Ұлттық ұлан қызметінің қоғам үшін маңызын айтып, Отан қорғаушы болуға ниетті бүлдіршіндерді әскер қатарына қосылуға үндеді.

 

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ

баспасөз қызметі