Қостанайда 200-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады

Қостанайда 200-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады

Қостанай қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде маңызды әрі салтанатты іс-шара – жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Бұл күні еліміздің әр өңірінен келген шамамен 200-ге жуық жас жауынгер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Әскери бөлім аумағында өткен рәсімге бөлім командирлері, офицерлер, сержанттар, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

«Салтанатты іс-шара барысында жеке құрам сап түзеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінді, әскери оркестрдің әуені шырқалды. Жас сарбаздар Қазақстан Республикасына, халқына және Конституциясына адал болуға, әскери борышын абыроймен атқаруға ант етті. Әскери ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін жауапкершілігі жоғары, өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Осы күннен бастап жас жауынгерлер Ұлттық ұлан қатарындағы толыққанды әскери қызметші атанып, жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіптің жаңа сатысына қадам басты», – деп хабарлайды ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі.

blank blank Іс-шара соңында әскери бөлім басшылығы жас сарбаздарды айтулы күнмен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар ата-аналар мен жақындары балаларының Отан қорғаушысы атанғанын мақтанышпен тамашалады.

blank blank

Аталған салтанатты рәсім жас сарбаздардың патриоттық рухын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен әскери борышқа адалдық сезімін нығайта түсті.