Міржақып мерейтойы: дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр

Міржақып мерейтойы: дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр

Ұлт ұясы Торғайда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына әзірлік шаралары қарқынды жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, мерейтой, арнайы белгіленгендей, 2025 жылдың қыркүйек айының 20-21 күндері Жанкелдин ауданында өтеді.
Ұлттың ұлы тұлғаларын дүниеге әкелген киелі топырақ тағы да мереке құшағына енбек. Той өтетін жерлерде қызу қарбалас дайындық көрініс тапқан. Киіз үйлердің керегесі керіліп, шаңырақтары көтерілуде. Қалашық орнап, онда 70-ке жуық үй тігіледі. blankblankҚазірдің өзінде жан-жақтан келіп жатқан қонақтардың қарасы қалың. Облыстың мекеме ұжымдары ортақ іске жұдырықтай жұмылған.blankblank

«Торғайдың төріне келіп тойға дайындалып жатырмыз. Көптен күткен ұлы той. Әр саланың өкілдері өздерінің үлестерін қосып, тас түйін іске жұмылған. Үлкен тойдың алдында ауданның орталық «Топжарған» стадионында үлкен сахна құрылу үстінде. Ертең ақындарымыз, Жүрсін Ерманов бастаған қазылар алқасы жолға шығады. Алмасбек Алматов бастаған жыршы-термешілеріміз де келеді. Аламан айтыс, жыршы-термешілер байқауы, Тобыл-Торғай өнерпаздарының концерті, Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті болады. Маржан Арапбаева, Төреғали Төрәлі т.б. өнер саңлақтары Торғайға келіп, халықтың көңілін көтереді.
Жалпы, бағдарламаға тоқталар болсақ, Қостанай облысының әр аудан-қаласы атсалысып, тойдың әзірлігін бастап кетті. Киіз үйлер қалашығы құрылып жатыр. Олар тойды бірге көтеріп, тойлатып, өздерінің өнерлерін ортаға салып, ақ дастархандарын жайып, тойға келген қонақтарды қарсы алады.
Әр қаланың, ауданның өзінің жыршы-күйші, әншісі бар. Осыдан-ақ Тобыл-Торғай өңірі таланттарға өте бай, қонақжай ел екенін көруге болады», — дейді облыстық Көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кино-бейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев.

blank

Міржақып мерейтойы аясындағы шоқтықты іс-шаралардың қатарында ұлттық ат спорты түрлерінен де, яғни көкпар, аламан бәйге өтіп, халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне старт беріліп, қазақ күресінен республикалық ересектер арасындағы турнир өтетінін де еске сала кетейік.blankblankblank

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор