Арқалық қала күнін атап өтті

Арқалық қала күнін атап өтті

Биыл кенді шаһардың құрылғанына – 69 жыл толып отыр. Қала халқын облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өзі келіп, арнайы құттықтады.

Арқалықтың негізі 1956 жылы геологтер мен құрылысшылар кенті болып қаланған. Қаланың салынуы осы жерден боксит кенінің ашылуына байланысты.

Құмар Іргебайұлы өз құттықтауында Арқалықтың әр тұрғынның жүрегінен орын алатын ажарлы қала екенін атап өтті.

blank

«Бүгінде Арқалық қаласының дамуына баса назар аударылып жатыр. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Торғай аймағының дамуы — үкіметтің айрықша назарында болу керек» деген сөзі дәлел.

Арқалық қаласының бюджеті жылма жыл артып келеді. Мысалы, 2022 жылы Арқалық қаласының бюджеті 20 миллиард теңге болса, 2025 жылы 30 миллиард теңгеге дейін өсті»,-деді облыс басшысы.

blank

Ол сондай-ақ қалада оң инвестициялық ахуалдың қалыптасып келе жатқанын да алға тартты. 2025-2026 жылдары Арқалықта 37 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Облыс әкімі Арқалықтың таяу жылдары барлық бағыттарға жол ашылатын қалаға айналатынын да айқындап берді. «Барлық жоспарланған жолдар салынады»,-деді Құмар Ақсақалов. Облыс басшысы атап өткендей биыл қала бойынша 22 шақырым автомобиль жолдары жөнделуде. Көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары да көптеп жалғасын тауып жатыр.

blank

Ағымдағы жылы 5 бірдей еңселі ғимарат ел игілігіне беріледі. «Қазақстан» спорт кешені ашылды. Дарынды балаларға арналған спорт интернаты, күрес залы іске қосылды. Арқалық педагогикалық университетінің оқу корпусы және қалалық Мәдениет сарайының құрылыстары бірі таяуда, бірі жыл соңына дейін аяқталады.

«Арқа төсіндегі кербез қала Арқалықтың туған күні құтты болсын. Мемлекеттің талабымен атқарылатын тірлігіміздің арқасында Арқалық жыл сайын көркейіп, жайнай берсін»,- деген игі тілегін білдірді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қала күнінің құрметіне түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ән мен жыр, би мен күйге еркіндік берілді. Орталық «Наурыз» алаңында қала көркемөнерпаздарының «Арқалығым – ақ таңым!» атты мерекелік концерті қанатын кеңге жайып, отандық эстрада жұлдыздарының ән шеруі, би кештері көрініс тауып, отшашу

шашылды.

Мұрат Жүнісұлы

Арқалық қаласы