БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «НҰР-ҚАЗАҚСТАН» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында «Дін және қоғам» байқауы өтеді.

            Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы жылы» деп жариялады. Осы бағытта әртүрлі рухани іс-шара өткізіліп келеді. «Дін және қоғам» облыстық журналистер байқауы арқылы біз де ұлттық, діни құндылықтарды насихаттауға үлес қоспақпыз.

 

Байқау мақсаты:

– облыстағы қазақ тілінде жапзатын журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету;

– теле-радио және баспасөз тілшілерін шығармашылық, материалдық тұрғыда ынталандыру;

– діни-рухани құндылықтарға қоғам назарын аударту.

 

Байқау тақырыптары:

  1. Діни экстремизм мен терроризм – жалпыға ортақ өткір мәселе;
  2. Дін мен дәстүр – халықтың рухани қазынасы;
  3. Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбие негізі;
  4. Конфессияаралық татулық – тұрақтылық пен келісім кепілі.

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– байқауға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын облыс көлеміндегі телевидение, радио және газет-журнал журналистері қатыса алады;

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2025 жылдың 3 қазаны аралығында баспасөзге жарияланған, эфирге шыққан материалдар (телевизиялық және радио бағдарламалар, мақала, сұхбат) жолдануы керек;

– басылым материалдары түпнұсқа немесе ксерокөшірме түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуға тиіс;

– дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерімен, flash-тасымалдаушыларымен) жолдануы қажет;

– әр журналистен 1 ғана материал қабылданады;

– ұсынылатын материалдарға мыналар қоса берілуі шарт: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, автордың сапалы фотосуреті, ақпараттық материал тізімі.

 

Материалдарға қойылатын талаптар:

– тақырыпқа сәйкестігі;

– жаңашыл көзқарас;

– мәселені талдаудағы тереңдігі;

– нақтылық пен логикалық негізделуі;

– мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;

– авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

– жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың анықтығы мен шынайылығы;

– журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі;

– безендірілуі.

 

Байқау комиссиясының міндеттері:

– комиссия құрамына белгілі журналистер, Қоғамдық даму басқармасы, Дін басқармасы және дін саласының өкілдері кіреді;

– Комиссия өкілдері материалдарды іріктеу кезінде материалдың объективтілігі,  автордың кәсіби шеберлігі (тақырыпты жан-жақты ашуы, жұмыстардың толымдылығы) секілді негізгі шарттарды басшылыққа алады;

– ережелерге және тақырыптарға сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімінен кешігіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді;

– байқау материалдарын бағалау, жеңімпаздарды анықтау және жүлдегерлерге сыйлық тағайындау комиссия шешімінен жүзеге асады. Материалдарды қарау, қорытындылау регламентін комиссия белгілейді;

– комиссия мүшелері байқауға қатыса алмайды.

 

Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

– Байқауды өткізуді үйлестіру «Қостанай таңы» газеті редакциясы бекіткен тәуелсіз комиссияға жүктеледі;

– материалы жалпы ереженің талаптарына сәйкес келмеген үміткерді байқауға өткізбеуге;

– комиссия мүшелерінің өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны анықталып жатса, байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы;

– барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;

– байқау өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

– байқау нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

 

Үздік материалдарға тігілген жүлделер:

– Бас жүлде – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

– 1-орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

– 2-орын – 100 000 (жүз мың) теңге;

– 3-орын – 50 000 (елу мың) теңге.

 

Материалдарды қабылдау тәртібі:

– журналистер жұмысын қабылдау байқау жарияланған күннен басталып, 2025 жылдың 3 қазанында (сағат 18:00-де) аяқталады;

– Редакция мекенжайы: Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы, 90-үй, «Қостанай таңы» газеті редакциясы;

– Байланыс телефоны: 8(7142) 54 84 44.

– Ұялы телефон нөмірі: 8 701 855 96 76 (WhatsApp)

– Электрон пошта: kostanaytany@mail.ru (байқауға деген тақырыппен жіберу керек)

 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

– жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Рухани келісім күні (18 қазан) немесе Республика күніне (25 қазан) орай өтеді;

– марапаттау салтанаты туралы жеңімпаздарға алдын ала хабарланады.