ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап «Электронды еңбек биржасы» платформасында (enbek.kz) жазға қосымша жұмыс тапқысы келетін мектеп оқушылары үшін «Менің жазғы демалысым» бөлімі жұмыс істейтінін хабарлады.
Бұл 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, еңбек дағдыларын дамытуға және демалысты тиімді өткізуге көмектеседі.
«Карточкаларда бөлімді кім пайдалана алатынын, оның мектеп оқушылары үшін қандай артықшылықтары бар екенін және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін айтамыз», – делінген ресми мәлімдемеде.
