Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетінің профессоры, Қостанай облысының құрметті азаматы Қалқаман Хасенұлы Жақып бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды.
Бұл жоғары марапат – Қалқаман Хасенұлының қоғамдық бірлік пен татулықты ту етіп, ел арасындағы ынтымақты нығайту жолында сіңірген өлшеусіз еңбегінің айғағы. Ол кісінің қоғамға қосқан үлесі мен өнегелі істері лайықты түрде бағаланып отыр.
Қалқаман Хасенұлын осы абыройлы наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Еліне еткен еңбегі еселене берсін!