19 июня, 2025
Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Бұл жөніде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында ерекше тоқталды.

«Құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес. Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі «Тәртіп пен қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43 орынға табан тіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.