Мопедін есепке қойған екі доңғалақты көліктің алғашқы иесі – Қостанай тұрғыны 41 жастағы Андрей Боженский.
Ол мопед маусымының басталуын күтпей, өз техникасына мемлекеттік нөмірлер алды.
Қазіргі уақытта аймақта екі мопед тіркелген.
«Полиция шағын кубаторлық мототехниканы тіркеу үшін иелеріне бірқатар құжаттарды: жеке куәлік немесе оның сандық аналогы, техникалық құжат (бар болған жағдай да) немесе ашық көздерден алуға болатын мопедтің сипаттамалары туралы ақпарат ұсынуы керек екенін еске салды. Сондай-ақ өтінішті толтыру, көлік құралын тексеруден өту және мемлекеттік баждарды төлеу қажет болады. 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркеу қағидаларына және «Жол қозғалысы туралы» Заңына түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Бұл дегеніміз, осындай көлікті басқару үшін жүргізушіге А1, А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігі, ал мопедте мемлекеттік нөмірлер, сақтандырудың болуы және техникалық тексеруден өтуі қажет», – деп ескертеді ПД.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Полиция департаментінің криминалистері облыстың басқа елді мекендеріне екі доңғалақты көлік құралдарын тексеруге баруға дайын. Шығу туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Полиция өткен жылы Қостанай облысында мототехниканың қатысуымен 58 ЖКО болғанын атап өтті. Осындай апаттарда 4 жүргізуші қаза тауып, тағы 62 адам жарақат алды.
Сондай-ақ, мото-көлікті басқарған 200-ге жуық адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларын осындай көлікті басқаруға жол берген 7 ата-ана жауапкершілікке тартылды.