Мерейтой иесін құттықтады

Мерейтой иесін құттықтады

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің заң және құқық саласының жетіліп, нығая түсуіне көп үлес қосқан білікті заңгер, заң ғылымдарының докторы  Сергей Жалыбин 75 жасқа толып отыр.  Облыс әкімдігінде осыған орай өткен салтанатты іс-шарада мерейтой иесіне арналған жылы лебіз, жүрекжарды құттықтаулар айтылды.

Сергей Михайловичтің Ел тәуелсіздігінің бастау кезеңдерінде сот ісі мен құқық саласын реформалауға қосқан үлесі, ел дамуындағы ерен еңбегі жөнінде сөз өрбіді.

blank

blank

Қазақы жолмен құрмет көрсетіліп, иығына жағалы шапан жабылды.

blank

Жиынды жүргізген облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов қайраткердің  ғұмырнамасын баян етті.

blankӨзінің кәсіби жолын Ішкі істер министрлігінде бастаған Сергей Михайлович заңның сақталуына жан-жақты жауапкершілікпен қарап, әділеттілікке деген сенімділік пен адалдықтың үлгісін көрсетті.

blankblank

blank blank blank Бұл тәжірибе оның құқық қорғаушы ретінде ары қарайқызметінің берік негізі болды. Кейін адвокат болып, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының төрағасы және одан кейін Қазақстан Республикасы әділет министрінің орынбасары ретінде қызмет етті.

blankҚостанай облысының әділет департаментін басқарып, Сергей Михайлович өзінің мол тәжірибесі мен білімін жаңа ұрпаққа жеткізуге көп күш салды.

blankҚостанай облысы әкімінің кеңесшісі ретінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнату ісінде атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды болды. Сондай-ақ, ол облыстық мәслихаттың алғашқы депутаты болып сайланып, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері бойынша комиссияны басқарды.

blankСергей Михайлович тек өңірлік деңгейде ғана емес, сондай-ақ жалпыұлттық деңгейде де белсенді жұмыс істеп, Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының I шақырылымының депутаты және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II, III шақырылымдарының депутаты ретінде Сергей Михайлович Қазақстанның құқықтық жүйесін нығайтуға және демократияның дамуына ықпал ететін маңызды заңдардың әзірленуіне және қабылдануына белсенді қатысты.

Ол Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды, заң шығару қызметіне баға жетпес үлес қосты.

blank

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығын атап өтетін жылы Сергей Михайловичтің жаңа редакциясын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде қосқан үлесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Ол өзіңнің бай заңгерлік тәжірибесі мен білімдерін пайдалана отырып, біздің мемлекеттің негізін қалаған, теңдестірілген және заманауи Конституцияны жасауға маңызды үлес қосты.

Сергей Михайлович, Парламентаралық одақтың Демократия және адам құқықтары жөніндегі комитетінің вице-президенті бола отырып, әлемнің 137 мемлекетін біріктіретін осы халықаралық ұйымда Қазақстанды лайықты түрде таныстырып, әділеттілік, демократия және адам құқықтарын қорғау принциптерін қорғады.

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев