Қостанайдың маршруттық автобустарының бірінде жанжал орын алып, оқиға барысында ер адам әйелге соққы бере бастаған.
Олардың арасындағы қақтығысқа жолаушылар араласып, зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан.
https://youtube.com/watch?v=Hsid-oVdA44&feature=shared
Полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді бастап кетті.