Автобустағы жанжал: полиция бұзақылық туралы істі тергеуге алды(ВИДЕО)

Автобустағы жанжал: полиция бұзақылық туралы істі тергеуге алды(ВИДЕО)

Қостанайдың маршруттық автобустарының бірінде жанжал орын алып, оқиға барысында ер адам әйелге соққы бере бастаған.

Олардың арасындағы қақтығысқа жолаушылар араласып, зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан.

Полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді бастап кетті.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу