Қарасу ауданында екі қабатты әкімдік ғимараты отқа оранды 

Қарасу ауданында екі қабатты әкімдік ғимараты отқа оранды 

Оқиға Айдарлы ауылында болған.

101 кезекшілік пультіне екі қабатты ғимараттың шатырының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Жұмыс елді мекеннің аудан орталығынан алыс орналасуымен қиындады, ал ағаштан салынған нысан тез тұтанатыны белгілі. Барлық қиындықтарға қарамастан, өрт 100 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен жойылды”, – деп хабарлайды ТЖД.

Ғимараттың жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер оның толық жойылуына жол бермей, жақын маңдағы ғимараттарды сақтап қалды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Сурет бейнежазбадан алынды

Жаңалықтармен бөлісу