15 мая, 2025
ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады

Қостанайда Қобланды батыр көшесіндегі бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт балконда басталып, көрші бөлмелерге таралу қаупі төнген.
Жедел келген құтқарушылар баспалдақпен 20 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада оқшауланып, басқа бөлмелерге таралмай жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.