«Қызмет» салалық кәсіподағы – елдегі ең ірі ұйымның бірі. Қазір ұйымдарда есептік-сайлау науқаны басталды. Қазақстанда осы қоғамдық бірлестікке мүше азаматтардың саны жылдан жылға артып келеді. «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов Қостанайға келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдап, алға қойған мақсаттарына да тоқталды.
–Кәсіподақтар бес жыл сайын төраға сайлап, атқарған жұмысының есебін береді. Қазір барлық облыста осындай науқан жүріп жатыр. Біздің қатарымыз жыл өтке сайын толығып келеміз. Бұл көрсетілген үлкен сенім әрі жауапкершілікті де арттыра түседі. Біздің кәсіподақтың үш үлкен мақсаты бар. Бірінші – әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, одан кейін еңбек жағдайын қарастырып, жақсарту және жалақы мөлшерін көбейту, ұжымдық шартты нығайту. Сондықтан қызметшлердің мүддесін қорғап, еңбек қатынастары мен жалақыға қатысты мәселелерді шешуге бар күшімізді салып келеміз. Заңға қайшы келетін жағдайлар өте көп. Шыны керек, мемлекеттік қызметтің жұмысы оңай емес. Бұл салада үлкен реформалар жүріп жатыр, тапсырма да көп. Кейде сегіз сағат еме, одан көп жұмыс істейтін қызметшілер бар. Бұл, әрине дұрыс емес. Кәсіподақ осы меселемен де күреседі. Себебі мемлекеттік қызметші сағат 18.30-дан кейін жұмыстан кету керек. Бірақ кейде басшылар қарамағындағыларға тапсырма беріп, жұмыстан кейін де ұстап отырады. Бұл отбасы құндылығын да төмендетеді. Елде төмен жалақы алатын қызметшлер бар. Әсіресе, азаматтық қызметшілердің жалақысы төмен. Бұл меселені тисті министрліктерге жеткіздік. Кәсіподақтың басты құралы – ұжымдық шарт. Ол еңбек кодексінде бекітілген. Бұл – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құжат. Қазіргі ең өзекті болып тұрған мәселе – жалақы жайы. Бұл мәселе ақырындап шешімін тауып келеді. Десе де, ауылдық жерлерде жалақы төмен. Бастық көп те жұмыс атқаратын қызметшілер аз, онымен қоса қағазбастылық та азаймай отыр. Осындай мәселелерге назар аударып, шеміні табамыз, – деді «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері жене қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсподағы» КБ-нің төрағасы Мирболат Жақыпов.
«Қызмет» кәсіподағының әр өңірде филиалы бар. Олардың атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Жиында өзекті мәселелер талқыланып, өз кезегінде, облыстық «Қызмет» кәсіподағы ұйымының төрағасы Әсет Досекенов соңғы бес жыл ішінде атқарылған бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы жайында есеп берді. Қызметкерлердің еңбек демалысына ыңғайлы жағдай жасау, оларды әлеуметтік жағынан қолдау жұмысы күн тәртібінен түскен емес.
Әр бес жылда жаңа төраға сайланады. Әсет Досекеновтің орнына Гүлнар Донбаева сайланды.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА